FAQ | KAZ

Сұрақ:
Тастамат деген не?
Жауап:
Сізге интернет-дүкендерден тапсырыстарыңызды алуға арналған Терминал.
Сұрақ:
Тастаматқа қалай тапсырыс беруге болады?
Жауап:
Интернет-дүкеннен тапсырыс берген кезде "тастаматтан алу" тәсілін таңдап, жақын маңдағы терминалды таңдаңыз.
Сұрақ:
Тастамат индексін қалай білуге болады?
Жауап:
Жақын маңдағы тастаматтың индексін білу үшін картамызға өту керек, мекен-жайыңызды енгізген соң біздің жүйеміз сізге бірнеше тастамат ұсынады.
Сұрақ:
Сәлемдеменің келгенін қалай білемін?
Жауап:
Сәлемдеме терминалға түскеннен кейін сізге қосымша нұсқаулары бар SMS келеді.
Сұрақ:
Тастаматтың нақты ораналасқан жерін қалай білуге болады?
Жауап:
SMS-те терминалдың нақты орналасқан жері бар сілтеме болады. Мысалы: кіреберіс / дүкен/дәріхана және т.б жазылып тұрады. Сонымен қатар, сілтеменің оң жақ жоғарғы бұрышында 2Гис иконкасы бар, оны басу арқылы сіз өзіңізге жол сала аласыз.
Сұрақ:
Барлық тастаматтар тәулік бойы жұмыс істей ме?
Жауап:
Жоқ, барлық тастаматтар емес. Сілтеме бойынша өткен кезде, сіздің сәлемдеме орналасқан Тастаматтың жұмыс режимі көрсетіледі. Тастаматтың жұмыс режимі мен жай-күйін алдын ала қарағаныңыз абзал.
Сұрақ:
Сәлемдемені қалай алуға болады?
Жауап:
Тастаматқа келген соң, сілтеме бойынша өтіп, "ұяшықты ашу" батырмасын басу керек. Жүйеміз сізге QR-код сканерлеуді немесе кодты қолмен енгізуді ұсынады. Содан кейін ұяшық ашылады.
Сұрақ:
Қолмен енгізу коды деген не?
Жауап:
Тастаматта QR-код және оның жанында қолмен енгізу коды көрсетілген.
Сұрақ:
Тастаматты қолдану бағасы қанша?
Жауап:
Тастаматтан сәлемдеме алу тегін.
Сұрақ:
Сілтеме ашылмайды, не істеу керек?
Жауап:
Интернеттің қолжетімділігін тексеріңіз немесе +77710009191 нөмірі бойынша біздің байланыс орталығына (9:00-22:00) қоңырау шалыңыз
Сұрақ:
Сілтеме telegram-ға келді, сілтемені басқан кезде бос терезе ашылады.
Жауап:
Егер сіздің смартфоныңыз IOS болса, сілтемені көшіріп, Safari арқылы ашуды сұраймыз.
Сұрақ:
QR-код оқылмайды, не істеу керек?
Жауап:
Интернет байланысын тексеріңіз.
Смартфон камерасы жасамай тұрса, "камера мәселесі" батырмасын басыңыз, содан кейін кодты қолмен енгізу формасы ашылады.
Сұрақ:
Тастаматта сәлемдеме қанша уақыт сақталады?
Жауап:
Сәлемдеме тастаматта 3 күн (72 сағат) сақталады.
TOO "TOOLPAR"
БИН 171240002960
Мәңгілік ел С3.5, 2 қабат, офис 212
+7 (771) 000 9191
info@toolpar.com
tastamat.kz
Made on
Tilda